Дымқыл түн – Ерлан Нұрдыханұлы

Тіл үйірген сөздің нілі,
Бұл да сол тым қиялшаң кездің бірі.
Алыстан арқар мүйіз Ай маңырап,
Искелер жүрегіңді бозғыл мұңы.

Ай маңырап…
Оятар.
Ой жұмағы қайда, бірақ!
Аспанға асыққанмен,
Тірлігіңде –
Көлеңкең көрге сүйрер сайға құлап. Continue Reading

Мен – Ерлан Нұрдыханұлы

Менің мұңым –
Ақырғы мұң , ағайын!
Және сондай тұңғыш мұң…
Ақиқатпын қырау шалған самайын,
Қызыл шашы дудыраған қылмыспын.

Көкжиектің көк көрпесін көтеріп,
Ұйқыдағы шексіздікке көз салдым.
Оңашада кірпігінен от еміп,
Жалмауыздың жалғызына сөз салдым.
Continue Reading

Дымқыл түн – Ерлан Нұрдыханұлы

Тіл үйірген сөздің нілі,
Бұл да сол тым қиялшаң кездің бірі.
Алыстан арқар мүйіз Ай маңырап,
Искелер жүрегіңді бозғыл мұңы.

Ай маңырап…
Оятар.
Ой жұмағы қайда, бірақ!
Аспанға асыққанмен,
Тірлігіңде –
Көлеңкең көрге сүйрер сайға құлап. Continue Reading

Ерлан Нұрдыханұлы – автордың өз оқуында өлеңдер

ИІС ПАТШАЛЫҒЫНАН ЕСКЕН СӨ3

«Алпыс құлаш арқан есіп шашымнан» Өткен жылдың соңында «Қазақ әдебиеті» газетінен (№ 52; 23.12.2008 ж.) бір топ ақынның осындай ортақ тақырыппен берілген өлеңдерімен таныстық. Ондағы берілген алғысөзге қарағанда, өлең авторлары елімізден тысқары, қиыр қонып, шет жайлап жүрген қандастарымыз болса керек, әрі бәрі де жас таланттар секілді. Өлеңдеріндегі албырттық атой сезім мен таза ой лебі соның айғағындай. Сондықтан, әрқайсысының әсем жырларын жеке-жеке зерделеп, баспа бетінде талдап-таразылау зор ғанибет болар еді. Біз бүгін оқырман ретінде, сол інжу жырлардың ішінен Ерлан Нұрдыханұлының өлеңдерін ғана әңгіме арқауы етіп алмақпыз. Онда да, негізінен олардың көркемдігі мен өзге аспектілерінен гөрі, философиялық қатпарларына көбірек үңілгенді жөн көрдік. Өйткені, бір қарағанда абстракционизм секілді болып көрінетін ондағы алапат ой-толғамдар және өзінше бейнелеп айтқың келсе, тіл бұратылып қаларлықтай құпия сезім иірімдері – бізді еріксіз таң қалдыратын ерекше әсем факторлар. Continue Reading

ЖОҒАЛҒАН ЖОЛ – Ерлан Нұрдыхан

Көміліпті жолдар құмға, жүрегіңе апаратын,
Адасып жүр алба-жұлба менің сорлы махаббатым.

Өрт өлеңнің өрнегінен,
Өршіл толқын өрлеуінен,
Көз жасымның көлдеуінен,
Семсер сезім сермеуінен
Сені іздедім, жан арманым.
Алтын тост ернеуінен,
Сені іздедім, таба алмадым. Continue Reading

ЖҮРЕК ЖУУ – Ерлан Нұрдыхан

Ақ қайың боп бүр жарғаным есімде,
Боз жусандай ырғалғаным есімде.
Естідім мен жылағанын жаңбырдың,
Наурыздың қиялшаң бір кешінде.

Неге аспанның көз жасына шомылдым,
Жүрегіме тамып тұрды ол менің.
Көрді көзім:
Жалғыз шумақ жас өлең
Жас жаңбырын көкірегіне көмгенін. Continue Reading

КӨКТЕМГІ ЫМЫРТ – Ерлан Нұрдыхан

Ескі жұртта,
Отырамын оранып кешкі бұлтқа.
Сағыныш самұрығы сынық қанат,
Шаршаған жүрегіме жұмыртқалап.
Көкжиекке жалғасып жатам сосын,
Көктемгі бір көгілжім ымырт қамап.

Мың бүктеліп,
Тас айдаһар тау жатыр мәңгүрттеніп.
Көкжиекке көмілген ай-күндерім,
Қашанғы қайғым менің!
Жебедейін зымырап жетем саған,
Көктей өтіп жарқ еткен жайдың жолын. Continue Reading